23 қыркүйектегі саудада доллар өсті
Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 23 қыркүйекте сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күнделікті сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,34 теңгеге көтеріліп, 480,50 теңге болды.
Юаньнің орташа сараланған бағамы 68,06 теңгеге (+0,13) дейін көтерілді.
Ақша айырбастау орындарында доллар 479,7-481,5 теңгеге, еуро 532,5-536,5 теңгеге, ресей рублі 5,11-5,21 теңгеге сатылуда.
Ал 23 қыркүйектегі аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері 0,8%-ға қымбаттап, барреліне 75,09 долларды құрады.
Қараша айындағы АҚШ мұнай фьючерстері 0,9%-ға өсіп, барреліне 71,64 долларды құрады
23 қыркүйек күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 479,05 теңге, еуроны 534,57 теңге, рубльді 5,17 теңге деп бекітті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript