Экс-министр Ержан Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды

Экс-министр Ержан Маржықпаев жаңа қызметке тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 17:41 Сурет: primeminister.kz
Ермек Маржықпаев ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Премьер-Министрдің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Ермек Маржықпаев 1969 жылы Астанада дүниеге келген. 

С. Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын, "Тұран" университетін, Көкшетау университетін бітірген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды.

2019-2023 жылдары Ақмола облысының әкімі болып қызмет етті.

2023-2024 жылдары ҚР Туризм және спорт министрі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: