Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысының полиция қызметкерлері "Жас сақшылар" сыныбының оқушыларына сабақ өткізді

Полицейлер «Жас сақшылар» сыныбының оқушыларына сабақ өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:51 Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, №28 жалпы орта мектебіндегі батыр полицей Ғ.Байтасовтың атына ашылған полиция сыныбында кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Яғни тәртіп сақшылары оқушыларға жол ережесін толыққанды түсіндіру бойынша дәріс ұйымдастырды.

Жастармен кездесуге Түркістан облысы Полиция департаментінің Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы Мақсат Асқаров, Түркістан облысы ІІО мен ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы барып, өмірлік азық болар тәжірибелерімен бөлісіп сұқбаттасты.

Полицейлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:51

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Полиция жасөспірімдерге көшелердің кез келген жерінен кесіп өтпей, тек арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның түстерін, қызметін түсіндіріп өтті." Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:51

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқушыларды маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін ұғындырды.

Полицейлер , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:51

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түрлі суреттер арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырып, белсенді қатысуларын қадағалады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 09:51

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мұндай іс-шаралардың мақсаты-балалардың қатысуымен болатын жол көлік оқиғаларының алдын алу.

Сондықтан полиция ата-аналарға балаларына үнемі жол қозғалысы ережелерін ескертіп, қадағалап отыруға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: