Жаңалықтар тізбегі
0

Танымал әлемдік киім брендінің иесі қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді

Танымал әлемдік киім брендінің иесі қазақстандық кәсіпкерді сотқа берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2024 11:37 Сурет: рixabay
Алматы облыстық сотында Қазақстанда тіркелген Zara және OYSHO тауар белгілерін иеленетін компанияның жергілікті кәсіпкерге берген шағымы қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы сотының мәліметінше, жеке кәсіпкердің оларды заңсыз пайдаланғаны туралы білген компания одан құқықтарын бұзғаны үшін өтемақы өндіру туралы сотқа жүгінді.

"Сотта жеке кәсіпкер тауарларды көтерме бағадан төмен бағаға (Zara және Oysho маркалы футболкалар, шалбарлар, джинсы шалбарлар, көйлектер, әйелдерге арналған леггинстер және т.б.) адалдықпен сатып алғанын көрсетті. Өзіне беймәлім сатушыдан қолма-қол ақшамен сатып алған. Содан кейін ол өз иелігіндегі бутикке оларды сатуға қойған. Ол аналогтық брендтерді сатуға лицензия және рұқсат қажет екенін білмегенін айтқан",- делінген сот таратқан ақпаратта.

Кәсіпорын мен Әділет департаментінің өкілдері бутиктен компанияның тауар белгілерімен заңсыз таңбаланған құны 2 миллион теңгеден асатын 117 тауарды тәркіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сот жеке кәсіпкерді тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Жеке кәсіпкер әкімшілік жаза ретінде 100 мың теңге айыппұл төлеген.

"Сот жеке кәсіпкердің азаматтық айналымда "Zara" және "OYSHO" тауар белгілерін рұқсатсыз пайдаланғанын ескере отырып, компанияның талап қоюын қанағаттандырып, жеке кәсіпкерден компанияның құқығын бұзғаны үшін 2 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді",- деп атап өтті сот.

Жеке кәсіпкер бұл сот шешіміне апелляцияға шағым түсірді. Алайда облыстық сот бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды. 

Шешім заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: