Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді сотқа берді

Государственная служба, госслужба, госслужащий, госслужащие, государственный аппарат, госаппарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2026 14:42 Фото: senate.parlam.kz
Қостанай әкімі жергілікті кәсіпкерді "Қостанай – Рудный" бағытындағы №120 автобус маршрутына қызмет көрсету туралы шартқа байланысты сотқа берген. Тараптар сот барысында дауды медиация тәртібімен реттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Қостанай әкімінің "Б." жеке кәсіпкеріне тұрақты жолаушылар мен багаж тасымалын ұйымдастыру туралы шартты бұзу жөніндегі талабын қарады.

Сот отырысы барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы шешім қабылдады.

Келісім шарттарына сәйкес, "Б." ЖК №120 "Қостанай – Рудный" бағытына 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда қызмет көрсетуді жалғастырады.

Ал 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап шарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылады.

"Жауапкер шарттың тоқтатылуына сот тәртібімен дау айтпауға, сондай-ақ шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін талапкерге мүліктік және қаржылық талаптар қоймауға міндеттенді. Талапкер шартты бұзу туралы талабынан бас тартты", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Осылайша, Қостанай әкімі шартты бұзу туралы талабынан бас тартты.

Сот тараптар арасындағы келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты. Нәтижесінде №120 автобус маршруты 2026 жылдың соңына дейін жұмысын жалғастырады.

Сот ұйғарымы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: