Жамбыл облысында әйел адам сот арқылы экс-күйеуін несие төлеуге мәжбүрлеуге қол жеткізді

Несие, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, әйел, бұрынғы күйеуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 18:25 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында Мойынқұм аудандық соты ажырасып кеткен ерлі-зайыптылардың кезінде алған 6,5 млн теңге несие төлеміне қатысты дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, ерлі-зайыптылар бірге тұрған кезеңде банктерде жалпы сомасы 6,5 млн теңгеден астам бірнеше кредит ресімдеген. Қарыз қаражаты мүлікті сатып алуға және отбасылық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, соның ішінде көлік құралдарын алуға жұмсалды.

"Талап қоюшы отбасылық қатынастарды нақты тоқтатқаннан кейін несие төлеудің барлық жүктемесі тек оған жүктелгенін, бұл қаржылық қиындықтарға әкеліп соққанын атап өтті. Ай сайынғы төлемдер оның табысынан едәуір асып түседі. Азамат М. өзінің талап қоюында несиелерді жалпы деп тануды және оларды тең үлестермен бөлуді сұрады", делінген сот хабарламасында.

Сот талқысы барысында судьяның көмегімен тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес жауапкер талап қоюшыға 2025 жылғы желтоқсанға дейін 3,2 млн теңге мөлшерінде кредиттер сомасының жартысын төлеуге міндеттенді. Сот келісімнің шарттарын Заңға және тараптардың мүдделеріне сәйкестігін тексергеннен кейін оны бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: