Жамбыл облысында білім бөлімі "артық" 22 млн теңгені қайтармақ болғанымен, сот оған жол бермеді

Аудит, Жамбыл облысы, білім бөлімі, қызметкерлер, бюджет, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 19:57 Сурет: freepik
Жамбыл облысының соты шамамен 22 млн теңге өндіріп алынбақ болған білім саласының 36 қызметкерінің құқығын қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдан бастап Жамбыл облысы бойынша аудандық білім бөлімі басшысының бұйрығымен білім беру ұйымдарында 36 бухгалтер, экономист, іс қағаздарын жүргізушілерге қызмет көрсету аумағы кеңейтілген. Осыған байланысты оларға жалақысының 50 пайызы көлемінде үстемақы белгіленген. Алайда, 2023 жылы аудиторлық тексеріс қорытындысы бойынша білім бөліміне 21,8 млн теңгені бюджетке қайтаруға міндеттелген.

Одан кейін білім бөлімі төленген үстемеақыны "артық" деп есептеп, орталықтандырылған бухгалтерия қызметкерлерінен бұл соманы өндіру туралы бұйрық шығарған. Қызметкерлер бұл бұйрыққа келіспей, сотқа шағым түсірген.

"Сот талқылауы барысында қосымша төлемдердің заңды түрде – Еңбек кодексіне, ұжымдық шартқа және жұмыс берушінің ішкі нормативтік актілеріне сәйкес төленгені анықталды. Сот қызметкерлер алған сомалар олардың жалақысының бөлігі болып табылатынын және Азаматтық кодекстің 960-бабына сәйкес, егер төлем алушы теріс әрекет жасамаса, төлемдер қайтарылуға жатпайтынын атап көрсеткен", делінген сот хабарламасында.

36 қызметкердің талап қоюы қанағаттандырылды. Жұмыс берушінің бұйрығы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Бұған дейін Ақтауда аса ірі мөлшердегі психотроптық затты сақтап, тасымалдаған азамат жеті жылға сотталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: