Ақтөбе – Қандыағаш учаскесінде қозғалыс ашылды
Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
24 қыркүйекте "ҚазАвтоЖол" компаниясы Қандыағаш қаласындағы 16 шақырымды құрайтын айналма жолда қозғалысты ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық компания мәліметінше, учаске құрамында айналма жолдың басында орналасқан бір көлік жол айрығы мен 7 жасанды нысан бар, оның ішінде 2 малөткел.
"Бұл транспорттық дәліз Астраханға қарай қозғалысты қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясын байланыстыратын маңызды бағыттардың бірі". "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Үш жыл бұрын басталған Ақтөбе-Атырау-Астрахань трассасын қайта жаңарту бойынша ауқымды жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бұған дейін Ақмола облысында тас жолда жүк көлігінің кабинасы отқа оранғаны хабарланды.
Оқи отырыңыз
Алматыда ірі есірткі зертханасы жойылды
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript