Монеталар, көз тиюден сақтайтын түйреуіштер, магниттер: балалар тағы нені жұтады
Астананың №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында ерекше стенд бар. Ол жерде не керектің бәрін кездестіруге болады, монетадан бастап алтын сырғаларға дейін. Бір қызығы мұның бәрі кішкентай бүлдіршіндердің асқазанынан шыққан.
Сурет: Динат Қожекенов мұрағатынан
Стендті жергілікті дәрігер жасаған. Оның айтуынша, бұл ата-аналарға балаларды назардан тыс қалдырмау керек екенін еске түсіреді.
Дәрігер қабырғаға ілінгендер тек балалардың жұтып қойған заттарының бір бөлігі ғана екенін айтты. Бұдан бөлек, магнит пен батареяға, сырға, монетаға толы ағаш қорап бар.
Сурет: Динат Қожекенов мұрағатынан
"Біздің аурухана – Астанада балаларға хирургиялық көмек көрсететін жалғыз мекеме. Бөтен денелерді жұту хирургиялық патологияға жатады. Елорданың және жақын маңдағы аудандардың барлық зардап шеккен балалары бізге келеді", – деп түсіндірді Астана қаласының №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Динат Қожекенов.
Оның айтуынша, бүлдіршіндер арасында мұндай оқиға жиі кездеседі. Айтарлық, 2023 жылы осы мәселемен аурухана 4 914 пациентті қабылдаған, олардың 281-і емханаға жатқызылды. Ал, биылдың өзінде өтініштер саны 3 369-ға жетті, 201-і стационарлық ем алды.
"Күн сайын бөтен денелерді жұтып қойған бірнеше бала келеді. Көбінесе бұл алты айдан бес жасқа дейінгі балалар арасында орын алады".
Әдетте, ағзадағы бөтен зат табиғи жолмен жойылады. Алайда, ота жасалатын кездер де аз емес.
"Мысалы, ұсақ металл немесе пластмасса шарлар, қағаз қыстырғыштар, номиналы 1, 5, 20 теңге болатын монеталар — көлемі кішкентай болғандықтан табиғи жолмен шығарылады. Біз мұндай науқастарды ауруханаға жатқызбаймыз, амбулаториялық бақылауға жібереміз. Бірақ егер заттар шықпаса, жабысып қалса немесе бір жерде тұрып қалса, олар асқазан-ішек жолдарының осы бөлігінде жаралар тудыруы мүмкін. Немесе егер олар тыныс алу жолдарына түссе, сәйкесінше өкпенің бір бөлігі тыныс алмайды, содан кейін пневмония немесе өкпенің іріңдеуі дамиды. Егер тыныс алу жолдарының бастауы жабылса, онда адам тұншығып қалады". Динат Қожекенов
Сурет: Динат Қожекенов мұрағатынан
Мұндай фактілер күнделікті тіркелгенмен, дәрігерлерді таң қалдыратын жайттар да болып тұрады. Кейде олар балалардың ағзасынан ине, түйреуіш, зергерлік бұйымдар сияқты қауіпті заттарды да табады.
"Бірде бір жастағы баланың түйреушті жұтып қою фактісімен оқиға тіркелді. Түйреуішті ырымшыл халқымыз балаға көз тимесін деп тағып қойған екен. Нәтижесінде сәби оны жұтып, ол өңешіне жабысып қалған. Біз түйреуіштерді асқазанға түсіріп, өңешке зақым келтірместен шығардық. Дегенмен, бұл оқиға әрқашан осылай аяқталмайды, өткір зат өңешті тесіп жібереді. Ал егер ол зақымдалса, ауру дамиды және өмір сүру мүмкіндігі-50-ден 50-ге дейін". Динат Қожекенов
Өлім фактісі негізінен үлкен заттарды жұтып қоюмен байланысты болады. Бөтен денен, тыныс алу жолын бітейді, осылайша адам тұншығады.
"Көбінесе ересектер баланың бір нәрсені жұтып қойғанын көріп қалады. Алайда, егер оны байқамаса, онда келесі белгілерге назар аударған жөн: әр тамақтан кейін құсады немесе пароксизмальды жөтел пайда болады, іштің қатып қалуы да белгіге жатады. Мұның бәрі бөтен дененің қай жерге түскеніне байланысты".
Сурет: Динат Қожекенов мұрағатынан
Аурухана директорының орынбасарының айтуынша, ең алдымен, оқиғалар ата-аналардың балаларын жеткілікті бақыламауының салдарынан болады.
Баланың бөтен денені жұтып қойғанын көрсеңіз, затты шығарып алуға тырысу керек. Оны іш бөлігімен ересек адамның тізесіне қойып, басын төмен түсіріп, арқа бөліктерінен қағу керек. Ауыз қуысын тексеруді де ұмытпаған жөн.
Егер бөтен дене асқазанға, ішекке немесе өңешке түссе, мұндай әрекеттер көмектеспейді. Тәуекелге бармастан тезірек медициналық көмекке жүгінгеніңіз жөн.