Жаңалықтар тізбегі
0

Ұзынағаштағы әскери атыс туралы бейне қазақстандықтырдың үрейін ұшырды

Ұзынағаштағы әскери атыс туралы бейне қазақстандықтырдың үрейін ұшырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 16:33 Сурет: akorda.kz
2024 жылғы 24 қыркүйекте әлеуметтік желіде Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында түсірілген әскери атыс бейнесі пайда болды. Желіде тараған кадрлар қазақстандықтардың зәресін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейне TikTok-та жарияланды.

@chelovek.pauk.kz #ұзынағаш #жамбылауданы #қазақстан #қазақшатикток ♬ оригинальный звук — John Crow

Халықты үрейге салған бейнеге қатысты Жамбыл ауданы әкімдігі түсініктеме берді.

"Жамбыл ауданының аумағында әскери жаттығулар өтуде. Аудан тұрғындарын дүрлікпеуге және тыныштық сақтауға шақырамыз... Жалған ақпарат таратпауларыңызды және халық арасында дүрбелең тудырмауларыңызды сұраймыз!"- деп жазды аудандық әкімдік Instagram Stories-те.
Ұзынағаштағы әскери атыс туралы бейне қазақстандықтырдың үрейін ұшырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 16:33

Сурет: Instagram/zhambyl_audany

Толығырақ ақпаратты Алматы облысының әкімдігі ұсынды.

"2024 жылғы 16-25 қыркүйек аралығында Алматы облысының Жамбыл ауданында әскери міндеттілерді даярлау және қайта даярлау бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі. Оқу-жаттығулар "Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Қарулы Күштері туралы" ҚР Заңы, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңы, Алматы облысы әкімдігінің және аумақтық қорғаныс бригадасының жұмылдыру дайындығы жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің қаулысы негізінде ұйымдастырылды". Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова

Оның айтуынша, оқу-жаттығуларға Алматы облысы Жамбыл ауданы аумақтық қорғаныс бригадасының басқармасында, батальон басқармасында және аумақтық қорғаныс батальонының күзет ротасында тіркелген әскери міндеттілер қатысады.

"Оқу-жаттығудың мақсаты-жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды сапалы дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету. Оқу-жаттығу шеңберінде әскери жиындар өткізу жөніндегі іс-шаралар көзделген".Жанна Арынбекова

Бұған дейін, Алматы қаласында 26 қыркүйекте аумақтық қорғаныс бойынша "Қорғау-2024" арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өтетіндігі хабарланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: