Шымкентте жүргізуші куәлігіне 10 мыңнан астам адам жете алмай жүр
Ведомствоның баспасөз қызметі жүргізуші куәлігін емтихандарды сәтті тапсырған 14 мың адам ғана алғанын айтты.
Нәтижесінде 10 мыңнан астам адам теориялық емтиханнан өте алмады — тәжірибеге жіберілмеді.
"Азаматтарға арналған үкімет" Шымкент филиалында 2023 жылы енгізілген ЖЖЕ 3.0 жүйесінің арқасында теориялық емтихан тапсыру әлдеқайда күрделене түскені атап өтілді.
Жүйе емтихан алушының дене қимылын оқуға, тестілеу процесінің аудио және бейнежазбасын жасауға мүмкіндік береді. Емтихан тапсыру кезінде көрсетілетін қызметті алушыны биометриялық деректер бойынша сәйкестендіреді, бұл бөгде адамдардың емтихан тапсыруын болдырмауға мүмкіндік береді.
Бұған дейін көлік жүргізу құқығы жоқ азаматтардың темір тұлпарды басқарған жағдайында, жеті жылға дейін "жүргізуші куәлігін" алуға арналған емтиханға жіберілмейтіні хабарланды.