Жаңаөзенде жол талғамайтын көлік балалар ойын алаңының тас-талқанын шығарды

Жаңаөзенде жол талғамайтын көлік балалар ойын алаңының тас-талқанын шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 19:43 Сурет: pixabay
Желдіе жол талғамайтын көлік балалардың ойын алаңына "ұшып кірген" видеосы тарады. Оқиға Жаңаөзенде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті Lada.kz басылымы Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап, оқиғаның 25 қыркүйекте "Шұғыла" шағын ауданында болғанын хабарлады. Көлік ойын алаңындағы құрылыстың бір бөлігін бұзып, қиратқан.

Ведомство Toyota Prado жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады. Заңға сәйкес, ол 20 АЕК (73 840 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі немесе алты айға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылуы мүмкін. Зардап шеккендер жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: