БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады
Сурет: видео скрині
БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында БҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп Lada ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты.
Автокөліктің салонын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушыдан өсімдік тектес заттары бар 9 зип-пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 33 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орама табылып, тәркіленді.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript