ҰҚК экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады

ҰҚК экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.04.2024 14:32 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті экстримизмге қатысы бар күдіктілерді ұстады. Тергеу ісі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті деп танылған төрт қазақстандықты ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында ұстаған.

"Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі."Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер табылған.

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

"Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.",- делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарламасында

Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: