Талдықорғанда балабақша қызметкері баланың басынан ұрды
Сурет: instagram/taldykorganec.insta
Талдықорғанда балабақшалардың бірінде қызметкер баланың басынан ұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, қазір оның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға жақындағанын, сосын олардың бірінің басынан ұрғанын көруге болады. Бұл шамамен 2024 жылғы 26 қыркүйекте таңғы уақытта болған.
"Бұл факт Талдықорған полиция басқармасына бағытталды. Оқиға облыс прокуратурасының бақылауында", - деп хабарлады Жетісу облысының қадағалау ведомствосы.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript