Жамбыл облысында көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында көліктен ұрлық жасаған күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2024 13:17 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысы Байзақ ауданында полицейлер көліктен ұрлық жасады деп күдіктелген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

44 жастағы әйел көлігін үйдің ауласына қойып, есіктерін құлыптауды ұмытып кеткен. 

Ол кейінірек көліктегі телефонының жоғалғанын байқаған. Келтірілген залал сомасы - 170 мың теңге.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 20 жастағы жігітті анықтады. Ол жәбірленушінің туысы болып шықты. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам кінәсін мойындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: