Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдың Пекин және Сиань қалаларында Алматы қаласының туризм күндері өтеді

2024 жылдың 14 қазанында Қытайдың Сиань қаласында және 16 қазанында Пекинде Алматы қаласының туризм күндері өтеді. Іс-шараның мақсаты – туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ Алматыға туристерді тарту., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 10:07 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2024 жылдың 14 қазанында Қытайдың Сиань қаласында және 16 қазанында Пекинде Алматы қаласының туризм күндері өтеді. Іс-шараның мақсаты – туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту, сондай-ақ Алматыға туристерді тарту.

Достық кездесулер аясында Қытай Халық Республикасының жетекші шетелдік туроператорларының, халықаралық әуе компанияларының, туристік қауымдастықтар мен қонақүйлердің өкілдерімен келіссөздер жоспарланған. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туристік ағынды арттыруға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою көзделуде.

Іс-шара барысында Алматының бірегей туристік өнімдерін таныстыру қарастырылған. Қатысушылар үшін Қазақстандық әртістердің өнер көрсетуімен және қолөнершілердің шеберлік сағаттарымен мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Бұл жарқын және есте қаларлық атмосфера сыйлары анық. Өнерпаздар дәстүрлі қазақ әндері мен билерін орындап, қатысушыларды Қазақстанның бай мәдениетімен таныстырады. Сонымен қатар, келушілер ұлттық тағамдардан дәм татып, Алматының аспаздық дәстүрімен де жақынырақ таныспақ.

Іс-шара соңында Қытай Халық Республикасының ірі туроператорлары арасында Алматыға тур ұтыс ойыны өткізіледі. Жеңімпаздар қалаға келіп, "Медеу" мұз айдыны, "Шымбұлақ" тау шаңғы курорты және мәдени-тарихи мұра нысандары сынды көрікті жерлермен танысуға мүмкіндік алады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: