Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған

Алматыда жүргізуші жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 22:27 Сурет: pixabay
Желіде жанында келе жатқан көлікке оқ жаудырған көлік жүргізушісінің әрекеті түсірілген видео тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео авторларының айтуынша, оқиға Алматы көшелерінің бірінде болған.


Бұл оқиғаға Zakon.kz сайтына қалалық полиция департаменті түсінік берді.

"Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ алдын ала мәлімет бойынша, жолдағы жанжал кезінде сигналдық тапаншадан оқ атылғаны белгілі болды.

"Қару тәркіленіп, іс бойынша басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: