Алматыда көлікке оқ жаудырды

Алматыда атыс қаруымен көлікке оқ жаудырғандардың әрекеті бейнеге түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіде тараған бейненің жазбасына сүйенсек, оқиға Өжет шағын ауданында болған. Кадрларда ер адам кетіп бара жатқан көлікке мылтық тәрізді қарумен оқ жаудырады.
Қала полициясы іс бойынша екі күдікті бар екенін айтты.
"Алматы қаласы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері атыс қаруы тәркіленген екі адамды ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша Түрксіб ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде",-деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Астанада полицейлердің жоғалған қарияны тауып, отбасына аман-есен табыстағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript