Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Карин: Атом электр станцияларына қатысты референдум науқаны Қазақстан тарихындағы ең ұзақ шара

Ерлан Карин пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 13:11 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Карин АЭС құрылысы бойынша референдумға дайындық науқанын қорытындылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарин Қазақстанда тура 400 күнге созылған АЭС құрылысы бойынша референдумның ақпараттық-түсіндіру науқаны бүгін, 2024 жылдың 4 қазанында аяқталатынын атап өтті.

"Бүгін елімізде Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты референдум аясында тура 400 күнге созылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы аяқталады. Оны Қазақстанның саяси тарихындағы ең ұзақ науқан деуге толық негіз бар. Неге 400 күн? Себебі Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы идеясын былтыр, яғни 2023 жылғы 1 қыркүйекте кезекті Жолдауында айтты. Дәл сол күні референдумға қатысты ауқымды жұмыс басталды деуге болады." Ерлан Карин

Ерлан Кариннің пікірінше, уақыт ішінде әр аймақта қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды, ақпарат кеңістігінде сарапшылар мен қоғам белсенділері жан-жақты пікір алмасты.

"Жалпы, осы науқан байсалды түрде, өзара түсіністік жағдайында өтті. Рефендум кезінде еліміздегі қоғамдық күштер алғаш рет саяси емес, экономикалық мүдде тұрғысынан күш-жігерін біріктіргенін атап өткен жөн. "Amanat" партиясының бастамасымен 6 саяси партия және 20-дан астам қоғамдық бірлестік Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрды. Штаб мүшелері барлық өңірдің тұрғындарымен кездесу өткізді, оған энергетика саласының жетекші сарапшылары мен мамандары қатысты." Ерлан Карин

ҚР Мемлекеттік кеңесшінің пікірінше, осылайша азаматтардың Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға қатысты байыпты тоқтамға келуіне мүмкіндік берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: