Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін - ұстаздар күні

Ұстаздар күні, Қазақстан, 5 қазан, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2024 09:17 Сурет: Zakon.kz
5 қазанда Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі атап өтіледі. Республикамызда қазан айының бірінші жексенбісі ұзақ уақыт бойы Мұғалімдер күні болып келді. Тек 2023 жылы тиісті қаулыға өзгерістер енгізіліп, мереке тұрақты күнге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік мұғалімдер күнін бекітуге 1966 жылы 5 қазанда Парижде өткен Мұғалімдердің мәртебесі туралы арнайы үкіметаралық конференция ұйытқы болды. Нәтижесінде ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері "Мұғалімдердің мәртебесіне қатысты ұсыныстар" құжатына қол қойды. Дүниежүзілік мұғалімдер күні алғаш рет 1994 жылы 5 қазанда атап өтілді.

 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде барлық білім беру ұйымдарында 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде. Оның ішінде 399 247 педагог мектептерде, 41 155 педагог техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында сабақ береді. Мектепке дейінгі мекемелерде 100 566 тәрбиеші жұмыс істейді. 

Елімізде 2019 жылы "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңы қабылданды, ол педагогтердің жалақысын көтеруді, тиісті функцияларға сәйкес келмейтін жүктемелер мен тексерулерден босатуды, педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды, оқу жүктемесін қысқартуды, еңбек демалысын ұзартуды және педагогтар үшін өзге де ынталандыруды белгілеуді көздейді.

Елімізде 12 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан "Үздік педагог" байқауы болады. Мәселен, биыл, 2024 жылғы байқауда 700-ге жуық педагог мемлекеттен ақшалай сыйақы алады.

Конкурс педагогтердің шығармашылық және кәсіби әлеуетін дамытуға ынталандыруға бағытталған. Оның ішінде ұстаз педагогикалық қауымдастықта табысты сынақтан өткен әдістемелері, сондай-ақ оқушыларының жетістіктері арқылы бағаланады. Дәстүрлі түрде жеңімпаздарға "Үздік педагог" төсбелгісі және 1000 АЭК мөлшерінде ақшалай сыйақы беріледі.

Мәселен, 2023 жылы 64 үздік ұстазға жалпы сомасы 220 млн 800 мың теңге көлемінде сыйақы төленді. "Үздік педагог" атағын иеленушінің әрқайсысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығына сәйкес 3 млн 450 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Байқауды өткізу рәсімі автоматтандылырған және жариялы түрде өтеді. Республикалық байқау комиссиясының құрамына үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, журналистер, педагогтер және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының өкілдері енеді.

Биылғы жылы "Үздік педагог" республикалық байқауының аудандық және облыстық кезеңдері 8 тамыз-10 қыркүйек аралығында жергілікті жерлерде ұйымдастырылды. Алғашқы екі кезеңнің нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған педагогтер республикалық кезеңге жолдама алады. Қатысу үшін өтінім 5 қазанға дейін қабылданады. Бүгінгі таңда 180-нен астам мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік ұйымдар педагогі өтінім беріп үлгерді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: