Иван Бреусов те референдумда өз таңдауын жасады
Сурет: instagram.com/ivan_breussov
Қазақстандық орындаушы Иван Бреусов АЭС бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық әнші, 101 топтың экс-солисі Иван Бреусов Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты.
Әнші Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №139 мектеп-гимназиясында орналасқан №125 сайлау учаскесіне өз дауысын беру үшін барды.
"Бүгін ел үшін маңызды тарихи күн. Бұдан былай мен осындай барлық іс-шараға қатысқым келеді, өйткені Отанымыздың тағдыры әрқайсымыздың пікірімізге байланысты. Біз бірлесіп қабылдайтын шешім ортақ болашағымызды жақсартуға бағытталған", - деді әнші.
Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №388 сайлау учаскесі орналасқан №48 мектеп-лицейге келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауысын бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript