Референдум: Алматыда мүгедектігі бар тұрғындар "Инватакси" қызметін қалай шақыра алады

Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 09:54 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін республикалық референдум күні қалада мүгедектігі бар тұрғындар үшін қала әкімдігі "Инватакси" қызметін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Инватакси" арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті бұзылған азаматтарға қолжетімді.

Мегаполисте барлығы 100 арнайы автокөлік қызмет көрсетіп жатыр.

"Инватакси" қызметін мына диспетчерлік қызмет нөмірлері арқылы шақыруға болады: 

* арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған азаматтар үшін: +7 747 402 6415, +7 707 710 6050 (WhatsApp); 

* көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін: +7 705 980 87 09, +7 705 831 48 14.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар азаматтарға көлік қызметін көрсету үшін 20 кезекші автокөлік бөлінген. Кезекші автокөлікті мына нөмір арқылы шақыруға болады: 338-30-09. Осы нөмір арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдар қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдана алады.

Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Қаладағы сайлау учаскелері сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: