Арыста мүгедектігі бар азаматтар инватакси қызметін пайдаланып жатыр

Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 12:47 Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан облысындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар референдумға дауыс беру үшін инватакси қызметін пайдалануда.

Осы ретте Арыс қаласындағы №4 дауыс беру учаскесіне Абайбек Алиев инватакси қызметі арқылы келіп, өз таңдауын жасады.

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгінде Арыс қаласындағы 1 аумақтық және 34 дауыс беру учаскелерінде 44 072 азамат тіркелген.

Сурет: Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 1 млн 180 мыңнан астам дауыс беруші бар. Өңірде 945 дауыс беру учаскесі белгіленіп, 6 433 байқаушы мен 20 мобильді капитан жұмыс істеп жатыр. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: