Президент: Ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевтан халықаралық додаларда жеңіске жеткен жастарды үнемі қолдап жүретінін атап өтіп, оның мәнін сұрады.
"Мәні терең. Себебі мен жастарды қолдаймын. Мұны үнемі айтып келемін. Мемлекетіміздің келешегі – жастардың қолында. Ол жәй ұран емес. Бұл – біздің басты саясатымыз. Сондықтан келешекте де біз жастарды қолдаймыз. Оларға жәрдем береміз. Әсіресе, дарынды жастарды қолдауымыз керек. Кеше ғана мұғалімдерге, ұстаздарға марапат табыстадым", - деді ол.
Мемлекет басшысы өз сөзінде мұғалімдер бұл қоғамның озық тұлғалары екенін еске салды.
"Олар дарынды жастарға білім беріп жатыр. Сондықтан жастарды да, оларды оқытып жатқан мұғалімдерді де мемлекет қолдайды. Сонымен қатар мен кеше ғана ұстаздар қоғамымыздың басты кейіпкері болуы керек екенін айттым. Сондықтан оларға жәрдем беріп, ұстаздардың беделін, қоғамдағы мәртебесін көтереміз", - деді Президент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript