Жаркенттік Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте референдумда дауыс берді

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 10:32 Сурет: видео скрині
Мәуелі бәйтеректей жайқалған Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы № 326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп отыр.

"Ұрпағының жарқын болашағын қалайтын әр адам сайлауға зор үмітпен келеді. Біз де әулетімізбен бірге келіп, таңдауымызды жасап тұрмыз. Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек", - деді дауыс беру учаскесіне балаларымен бірге келген 85 жастағы Азия Жақыбаева.

9 бала, 36 немере, 69 шөбере сүйіп отырған ана әр адам қабылдаған шешім мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер ететінін айтып, жұртшылықты дауыс беруге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: