Жаңалықтар тізбегі
0

Референдумда Панфилов ауданының 102 жастағы тұрғыны дауыс берді

102 жастағы кейуана дауыс берді Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 08:17 Сурет: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Панфилов ауданы, Жаркент қаласының тұрғыны Зейнелхан Оспанова еліміз үшін аса маңызды күнде қаладағы дауыс беру учаскесіне өзі келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 құрсақ көтерген әже қарттығына қарамастан еліміздегі әр саяси оқиғада белсенділік танытады.

"Жасым 102-ге келді. Мен референдумда Президент сайлауында да өзім келіп дауыс бергенмін. Бүгін міне тағы да келдім. Бүгінгі маңызды күнде дауысымыздың аса құнды, пікіріміздің алтыннан қымбат екендігін ұмытпасақ игі еді. Себебі халық мемлекеттің басты қозғаушы күші", – деп кейуана батасын берді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2024 жылғы 6 қазанда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірде барлық 10 249 учаске дауыс беруге кірісті.

84 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Тізімдерге 12 млн. 244 мың 683 азамат енгізілді.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 10 623 есептен шығару куәлігін берді.

Республикада 10 323 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 59 елде 74 учаске орналасқан.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: