Нұрлан Абдуллин Алматыда референдумда дауыс берді
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазақстандық әнші, тележүргізуші Нұрлан Абдуллин Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу жөніндегі референдумда дауыс берді.
Артист №17 мектеп-интернатта орналасқан № 387 сайлау учаскесіне барды.
"Менің ойымша, елдің бірлігі біздің қолымызда. Бүгін біздің азаматтар келіп дауыс беріп, өздерінің пікірін білдіріп жатыр. Бұл еліміздің және біздің ұрпақтың болашағы үшін үлкен шешуші сәт", - деді Нұрлан Абдуллин.
Еске салайық, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу жөніндегі республикалық референдум өтіп жатыр. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript