АҚШ, Канада және Бразилиядағы референдум учаскелері жұмысын бастады

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 19:32 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
АҚШ, Канада және Бразилиядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско (АҚШ), Оттава (Канада) және Бразилиа (Бразилия) қалаларындағы референдум учаскелері өз жұмысын бастады.

Еске салайық, сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы бір Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: