Шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды: 7 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы бір Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.
Еске салайық, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған еді, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны - 12 307.
Бүгін, Астанада Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) сияқты халықаралық ұйымдар байқаушыларының қатысуымен бірқатар брифингтер өтті.
Миссия басшылары атап өткендей, республикалық референдум Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өтіп жатыр. Олардың пікірінше, референдум ашық, еркін және заңды болып табылады, олармен учаскелерде бірде-бір бұзушылық анықталған жоқ.