Ерлан Қошанов президенттік сайлауда дауыс берді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша дауыс беруге Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Ерлан Қошанов қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Парламенттің төменгі палатасының спикері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан No110 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Көңіл-күй өте жақсы, мерекелік. Бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Әрбір азамат, менің ойымша, бүгін дауыс беруі керек. Дауысыңызды отбасыңыздың болашағы үшін, еліңіздің болашағы үшін беріңіз. Сондықтан мен бүгін барша қазақстандықтарды өз таңдауын жасауға – сайлау учаскесіне келуге шақырамын», - деді Ерлан Қошанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript