Елордалық азаматты тонаған ер адам құрықталды
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері тонау әрекеттерін жасады деген күдікпен 26 жастағы азаматты ұстады.
Қаскүнем 32 жастағы жәбірленушімен ауызша жанжалдасу барысында оны жұдырықпен ұрып телефоны мен күртешесін күшпен тартып алған, осылайша жарты миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.
Содан кейін ол белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Тонаушының қолынан зардап шеккен адам күдіктінің сыртқы белгілерін сипаттап берген, оны жедел уәкілдер санаулы уақытта анықтады.
Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Заңды бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.