Абай облысында жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізуші ұсталды
Бақылау камераларын қадағалау барысында құқық бұзушылық тіркелген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды.
Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
Құқық бұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Оқи отырыңыз