Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда жылына 38 миллион балапан шығаратын өндірістік инкубатор іске қосылды

Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 17:22 Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Тараз қаласында "Алель Агро" акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды.

Нысанның ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, кәсіпорынның құс шаруашылығына тың серпін беретінін айрықша атап өтті. 

Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 17:22

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

"Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет. Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек. Бұл – мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.  Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде, облыс орталығы – Тараз қаласы да инвестиция игілігін сезініп келеді. Бүгінде осы бағытта қаламызда құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Сонымен қатар құны 48 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған "Алель Агро" акционерлік қоғамының облыстық филиалы қаламыздағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін", - деген Бақытжан Әмірбекұлы шаһардың өндірісін өркендету бағытындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді. 
Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 17:22

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы өндіріс орны 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 17:22

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады.

Тараз, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2024 17:22

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал өнімдерді негізгі өткізу көздері – "Алель Агро" АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: