Атырау тұрғынынан киіктің 71 мүйізі тәркіленді
Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері киік мүйіздерінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полицейлер қала аумағындағы ойын-сауық орталығының жанында күдік тудырған Toyota Highlander автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру барысында автокөлік салонынан пакетке салынған 71 дана киік мүйіздері анықталды.
Аталған дерек негізінде, киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript