Жаңалықтар тізбегі
0

Министрлік: ХҚКО сайты мен eGov Mobile қызметіндегі ақаулар туралы хабарлама - жалған

Министрлік: ХҚКО сайты мен eGov Mobile қызметіндегі ақаулар туралы хабарлама - жалған, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 18:35 Сурет: t.me/digitalministry_kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мессенджерлерде жіберіліп жатқан ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасындағы ақаулар туралы хабарлама жалған екенін және шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.

"Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады. eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақтар бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады", - деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: