Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде дәрігерді айуандықпен өлтірген тұрғын 22 жылға сотталды

Ақтөбеде дәрігерді айуандықпен өлтірген тұрғын 22 жылға сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 22:53 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде дәрігерді айуандықпен өлтірген тұрғынға қатысты үкім шықты. 34 жастағы сотталушы енді алдағы 22 жылын түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға осыдан жарты жыл бұрын болған. Қылмыскер дәрігер тұратын пәтерге түн жарымында баса-көктеп кіріп, оны зорлаған. Одан соң денесін жиырма төрт жерден пышақтаған. Осыдан кейін екінші қабаттағы пәтердің балконынан сыртқа қашып шығады. Осы кезде алдынан полиция қызметкері шығып қалған. Оған да пышақ сілтеп, жалға алған көлігімен қашып кеткен, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Сотта марқұм дәрігердің сотталушымен бұрын таныс болғаны анықталды. Қылмыскер соңынан қалмай, мазасын алып жүрген.  Оның үстінен бірнеше рет полицияға да арыз түсірген.

Марқұмның ата-анасы 22 жыл — жеңіл жаза деп отыр. Сондай-ақ сотталушы сот үкімімен марқұмның отбасына 20 миллион теңгеден аса өтемақы төлеуге міндеттелді.

"Сот шешіміне бір жағынан қанағаттанып, бір жағынан қанағаттанбаймын, шыны керек. Ауыр қылмыс жасап отыр, қызымды пышақтаған, 24 жерден. Аса ауыр қылмыс. Бұл жерде кешірім, ешнәрсе болған жоқ. Жоқ дегенде, 25 жыл беру керек еді".Марқұмның әкесі Қалдыбай Томаров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: