Қолайсыз ауа райына байланысты жабылған республикалық маңыздағы бірқатар тас жол ашылды

13 қазанда таңертең бірқатар республикалық маңыздағы тас жолдар ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, келесі жолдарда көлік қозғалысына қайта рұқсат берілді:
Қарағанды облысы:
- Қарағанды облысы - "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 1353-1426 шақырымы, Ақмола облысының шекарасы - Теміртау төлем ақы алу пункті учаскесі.
- "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 967-1135 шақырымы, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы учаскесі.
- "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" тас жолының 17-217 шақырымы, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы учаскесі.
Ақмола облысы:
- "Екатеринбург - Алматы" тас жолының 1292-1353 шақырымы, Жібек жолы төлем ақы алу пункті - Қарағанды облысының шекарасы учаскесі.
Павлодар облысы
- "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 1135-1206 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы - Шидері ауылы учаскесі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript