Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО полицейлері саяжай шатырында есірткі зертханасын ұйымдастырған азаматты ұстады

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 13:34 Фото: Zakon.kz
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегі анықталды.

Тексеру барысында 49 жастағы азаматтың саяжай үйінің шатырында есірткі зертханасын жабдықтап, тыйым салынған өсімдіктерді өсіргені белгілі болды.

Шатырда орналасқан есірткі зертханасынан полиция қызметкерлері 37 ыдыста егілген ерекше иісі бар, жасыл түсті өсімдіктерді (сыртқы түрі қарасораға ұқсас) тапты.

Сонымен қатар жарықтандыруға арналған 14 шам, желдету жүйесі, екі термометр және тыңайтқышқа арналған 15 бөтелке сұйықтық табылды.

Сарайларды тінту барысында да жасыл түсті, өсімдік тектес заттар салынған үш пакет және шегуге арналған темір құрылғы тәркіленді.

Дәретхана бөлмесінде тағы да есірткі өсімдігіне ұқсас кептірілген 8 бұта, өсімдік тектес заттар салынған 2 пакет, 6 пластикалық стақан, үш жұмыс істемейтін желдеткіш кулер және жарықтандыру жүйесінің элементтері табылды.

Тәркіленген заттардың барлығы сараптамаға жіберілді, ал аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: