Талдықорғанда салафит ағымының жақтаушысы ұсталды

Талдықорғанда салафит ағымының жақтаушысын ұстау: жедел әрекет және есірткіні тәркілеу ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде «аса ірі мөлшерде» синтетикалық тектес есірткі құралдарын сақтауда қатысы бар 33 жастағы күдікті ер адам ұсталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2024 16:22 Сурет: Жетісу облысының ПД
Талдықорған полициясы салафиттік ағымның жақтастарын ұстап, жедел бейнеролик көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жетісу облысы ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде "аса ірі мөлшерде" синтетикалық тектес есірткі құралдарын сақтауда қатысы бар 33 жастағы күдікті ер адам ұсталды.

Ұстау барысында күдікті жиналмалы пышақ қолданып, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белсенді қарсылық көрсеткен. Алайда, "Арлан" ОЖВ қызметкерлерінің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде ер адам ұсталып, жиналмалы пышақ заттай дәлел ретінде тәркіленді.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, алынған зат синтетикалық тектес есірткі — "Мефедрон" — жалпы салмағы шамамен алты грамм.

Қазіргі уақытта, күдіктіге қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды, одан әрі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: