Полиция қызметкерлері босанғалы жатқан әйелді құтқарып қалды

Бүгін, 15 қазанда Абай облысы Канонерка ауылының маңындағы тасжолда полицейлер көліктің жарығы жыпылықтап тұрғанын байқап, ондағы адамдардың көмекке мұқтаж екенін байқаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарт адам келінін перзентханаға апара жақан – әйелдің босанатын уақыты келген.
Құқық қорғаушылар жедел жәрдеммен байланысып, көлікті "Ертіс" бақылау бекетіне дейін шығарып салды, қауіпсіз және жылдам жеткізілуін қамтамасыз етті.
"Көмектесіп, шығарып салып, жедел жәрдем шақырды. Полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды айтамын!", - деп ризашылығын білдірді тұрғын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript