Ақтөбеде 90-шы жылдары салынған үйлердің 30-40 жыл асфальт көрмеген аулалары жөнделуде
Есет батыр, Қалдаяқов көшелеріндегі көп қабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қазір аяқталу сатысында. Қала әкімі Азамат Бекет жұмыстар барысын барып қарап, тұрғындармен тілдесті, олардың абаттандыру шараларына қатысты ұсыныс-тілектерін ескеру керек деп мердігерге ескертті.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Ауланың жабдықтарын орнатып, жарық шамдарын қойып, суағарларын салу, тротуар төсеу, асфальт төсеу, бәрі де сапалы жасалуы керек. Бұл үйлер 1990 жылдары салынған. Содан бері аулалары асфальтталмаған, абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. 30-40 жылда бірінші рет жөнделіп жатыр. Тұрғындардың барлық өтініш-тілектері ескерілуі керек. Жұмысты КСК, ОСИ төрағаларымен ақылдасып атқарыңыздар", — деді Азамат Бекет.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Есет батыр, 3,5,7 үйлердің аулаларында тұрғындар қала әкіміне жұмысты бірігіп бақылап жүргендерін айтты. Мердігер мекеме "Еңбек" ЖШС басшылығы енді асфальт төсеу және жарықтандыру қалып тұрғанын жеткізді. Алдағы екі аптада аяқтап үлгереміз деп уәде берді.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Біз биыл 25 аула аумағын (39 үйдің ауласы) жөндеуді міндетімізге алдық. Көп жерде қолданылмайтын технологияны қолданып, асфальт берік болуы үшін аулаға геосетка төсеп жатырмыз. Дәл қазір Есет батыр көшесігдегі #3,5,7 үйлердің аулаларында тұрмыз. Тротуар, шойын қақпақтары бар суағарлар салдық, енді асфальт төсейміз, жарық жүргіземіз және аулаға орындықтар, қоқыс жәшіктерін орнатып қоятын боламыз", — деді "Еңбек" ЖШС учаске басшысы Бақдәулет Сейдуалиев.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі