Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер министрлігі екі арнайы базаны біріктіреді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 16:41 Фото: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Оңтүстік" әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы" мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Солтүстік" әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы" мемлекеттік мекемесі қайта құрылсын. Оларды "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы" РМУ-ға біріктіру арқылы, — деп жазылған ресми құжатта.

Ішкі істер министрлігі түсіндіргендей, базаларды қайта құру бюджет қаражатын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Оңтүстік" әскери-арнайы қамтамасыз ету базасы" мемлекеттік мекемесінің штаттық санының қысқартылуына байланысты Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратын БВСС, Алматы, Шымкент, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы дәрігерлік амбулаториялары бар ауруханалады күшейту жоспарлануда.

Қайта ұйымдастыру рәсімдері республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейтіні түсіндірілді.

Құжат 31 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: