Астанада халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Елордада жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық жасады деп айыпталған 36 жастағы ер адам қолға түсті.
Белгілі болғандай, ол 2022 жылдың қыркүйек айында Ташкент қаласында жергілікті тұрғынды Chevrolet Lacetti автокөлігін алып беремін деп алдап, 12 мың АҚШ долларын иемденген.
Алаяқ өз қажетіне жұмсап жіберген ақшалай қаражатты қайтармай, қылмыстық жауапкершіліктен жасырыну үшін Қазақстан аумағында бой тасалаған.
2023 жылдың мамыр айында Ташкент қаласының ішкі істер департаменті күдіктіні халықаралық іздеуге жариялап, сот бұлтартпау шарасы ретінде оны қамауға алу туралы шешім шығарған.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript