Қарағанды облысында өрт кезінде үш бала эвакуацияланды
Сурет: видео скрині
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Қарағанды облысында өрт кезінде үш адамды эвакуациялап, оқиға орнынан үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін, 20 қазанда таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы пен дуал өртенді.
ТЖМ күшімен үйден үш бала эвакуацияланды. Оқиға орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды.
"Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. ТЖМ барлық азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады!"Төтенше жағдайлар министрлігі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript