Жерде қуаты күшті магниттік дауыл санының артуы күтілуде

Жерде қуаты күшті магниттік дауыл санының артуы күтілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2024 09:57 Сурет: pixabay
Аспан әлемінде айтарлықтай өзгерістер орын алуда. Мәселен, күн белсенділігі соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткішіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы NASA сарапшылары мәлімдеді.

Мамандардың пікірінше, күннің белсенділігі шамамен бір жылға созылады. Содан кейін ең төмен көрсеткішке әкелетін құлдырау басталады. Бұл демек, алдағы уақытта магниттік дауылдардың саны артады.

Соңғы уақыттағы қуаты күшті магниттік дауыл 2024 жылғы 3 қазанда болды. Ол кезде көрсеткіш, X9.0 деңгейіне жетті.

Айта кетейік, қазіргі күн белсенділігі спутниктердің жұмысына ғана емес, поляр шұғыласының көрінуіне де әсер етуде.

Бұған дейін Каспий теңізі аумағында екі рет жер сілкінісі болғаны хабарланды

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: