СҚО прокурорларымен ауыл қызметкерлерінің әлеуметтік құқықтары қорғалды

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, расчёт , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 10:01 Фото: freepik
Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша жүйелі негізде жұмыс жүргізуде.

Талдау шеңберінде қызметкерлердің әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілмегендіктерінен, құқықтарының өрескел бұзылуы анықталды.

Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Шал ақын, Тайынша аудандарында "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" ҚР Заңының талаптарына қайшы, ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы 5 мың маманға коммуналдық қызметтер мен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек төлеу көзделмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мәслихаттардың шешімдерінде жоғарыда аталған төлемдер көзделген, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар мамандар үшін 115,1 млн теңге сомасына бюджет қаражатын бөлді.

Бүгінгі таңда 2 АЕК мөлшерінде әлеуметтік көмек төленуде. Нәтижесінде, қабылданған шаралармен ауылдық жерлерде тұратын қызметкерлердің құқықтарын қорғауға қол жеткізілді. Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесі облыс прокуратурасының бақылауында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: