Қазақстан мен Канада сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Канада СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 19:08 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Канада Сыртқы істер министрі Мелани Жолимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, сұхбат барысында дипломаттар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, сондай-ақ өзара мүдделі іс-қимыл перспективаларын белгіледі.

Министрлер Астана мен Оттава арасындағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарды одан әрі арттыруға дайын екенін білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: