Астанада 400 оқушы хормен патриоттық әнді шырқады

Астанада 400 оқушы хормен патриоттық әнді шырқады  , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2024 10:33 Сурет: Zakon.kz
Елордадағы № 50 мектеп-лицейінің оқушылары Ескендір Хасанғалиевтің "Атамекен" әнін орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV телеарнасының ақпаратынша, мектептер арасындағы "Туған елім — Қазақстаным" эстафетасына олар екі апта бойы дайындалған.

Сурет: astanatv.kz

Хор құрамына 205 төртінші және 195 сегізінші сынып оқушылары қатысты. Мектеп белсенділерінің арасында ағалы-қарындасты Абдурахим мен Хадиджа бой көрсетті.

"Мұндай патриоттық эстафетаға бей-жай қарай алмадық", – деді олар.


Бұған дейін Президенттің Республика күні қарсаңында ғалымдарды, құтқарушыларды және өндіріс қызметкерлерін марапаттағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: