"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ электр энергиясын беру бойынша уақытша өтемдік тарифті бекітті

Электроэнергия, электричество , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2024 13:46 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бірлескен бұйрығымен электр энергиясын беру бойынша уақытша өтемдік тариф бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамына 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып, электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф ҚҚС-сыз 11,35 теңге/кВтс, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 30 қарашаға дейін ҚҚС-сыз 10,54 теңге/кВтс мөлшерінде тариф бекітілсін", — делінген құжатта.

Жаңа тариф 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін 1 қарашадан бастап кейбір аймақтарда электр энергиясының тарифі көтерілетіндігі хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: